01.08.2008 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына сайлауды өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Күнтізбелік жоспар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшысы Б. Мелдешов
Астана, 2008 жылғы 1 тамыз
№ 131/266