22.08.2008 |
![]() |
«Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Б.М. Имашевты Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты қызметіне тағайындау туралы» 2008 жылғы 19 тамыздағы № 644 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тіркелсін.
2. Берік Мәжитұлы Имашевқа тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға
Қ. Тұрғанқұлов
Хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2008 жылғы 22 тамыз
№ 134/270