17.10.2008 |
![]() |
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республика-сы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2008 жылғы 23 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі сайлау бюллетенінің (бұдан әрі – сайлау бюллетені) мәтіні бекітілсін.
2. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі қосымшаға сай белгіленсін.
3. Сайлау бюллетеньдерінің, сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса ала отырып, әзірлеуге жататын саны 385 (үш жүз сексен бес) дана болып белгіленсін.
4. Сайлау бюллетеньдерін 2008 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей Астана қаласының сайлау комиссиясына жеткізу қамтамасыз етілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т. В. Охлопковаға жүктелсін.
Төрағасы м.а.
Б. Мелдешов
Астана, 2008 жылғы 17 қазан
№ 149/290