20.11.2023 |
![]() |
2023 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Қостанай облысынан
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
шығып қалған депутатының орнына
сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12- және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облыстық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін облыс таңдаушыларының санына сәйкес, таңдаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса, дайындасын.
2. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға қосымшаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 20 қараша
№ 100/802