20.11.2023 |
![]() |
2023 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Қостанай облысынан
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған
депутатының орнына сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет
қаражатынан жабылатын шығыстарының
мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз басылымдарында екі мақала жариялау – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 70 000 (жетпіс мың) теңге;
3) көліктік шығыстар – 80 000 (сексен мың) теңге.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізу үшін Қостанай облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 20 қараша
№ 100/800