08.11.2023 |
![]() |
2023 жылы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының
құрамдарын қалыптастырудың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2023 жылы Қазақстан Республикасының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар бекітілсін.
2. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық сайлау комиссиялары сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру үшін 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер тиісті мәслихаттарға ұсынылғаннан кейін үш күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына ақпарат жіберсін.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен қалалардың мәслихаттары Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде 6-қосымшаға сәйкес сайлау комиссияларының жаңа құрамдары туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына беруді жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 8 қараша
№98/798