07.11.2023 |
![]() |
Аумақтық сайлау комиссиясын
құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және «Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №1-3728, 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 511-89 және мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 279/36-VII, 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 315/39-VII бірлескен қаулылары мен шешімдері негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құрылсын.
2. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 7 қараша
№ 96/796