01.11.2023 |
![]() |
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ БҰЙРЫҚ
2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының
пилоттық аудандары мен облыстық маңызы бар қалаларының
әкімдерін сайлауда азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді
«электрондық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін
іске асыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24, 25 және 26-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі БҰЙЫРАДЫ:
1. 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының пилоттық аудандары мен облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін сайлауда азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді «электрондық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру алгоритмі (бұдан әрі – онлайн-сервис) осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың тиісті аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, онлайн-сервиске қолжетілділікті алу үшін сайлау учаскелері мен учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін айқындасын, 2023 жылғы 2 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тиісті мәліметтерді ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, онлайн-сервисті іске асырсын.
4. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім алуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасарына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Қазақстан Республикасының, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Н. Әбдіров |
Б. Мусин |
Астана қаласы,
2023 жылғы 1 қараша,
№ 95/795
Астана қаласы,
2023 жылғы 1 қараша,
№ 518/нқ