20.10.2023 |
![]() |
Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 13) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, 4-тармағына және 83-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2023 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Қостанай облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 20 қазан
№ 94/794