20.10.2023 |
![]() |
Аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл,
кент, ауылдық округ әкімін сайлау бойынша дауыс беруге арналған
сайлау бюллетеньдері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі (қызмет бабында пайдалану үшін) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аумақтық сайлау комиссиялары аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды өткізу кезінде:
1) сайлау бюллетеньдерін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тиісті округтегі сайлаушылардың жалпы санының бір проценті резервімен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындауды қамтамасыз етсін;
2) сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 7 шілдедегі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы бақылау және орындау үшін облыстардың сайлау комиссияларына жіберілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 20 қазан
№ 93/793