20.10.2023 |
![]() |
2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы
мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау
жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 6) тармақшаларына, 14-бабының 7) тармақшасына, 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
2. Тиісті өңірлердің сайлау комиссиялары:
1) бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі бюллетеньдердің мәтіндерін бекітсін;
2) сайлау бюллетеньдерін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тиісті округтегі сайлаушылардың жалпы санының бір проценті резервімен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындауды қамтамасыз етсін;
3) сайлау бюллетеньдерін сайлау учаскелеріне уақтылы жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы облыстық, Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 20 қазан
№ 92/792