08.09.2009 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына және 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының босаған мандаттары Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровке, Ирак Қасымұлы Елекеевке, Әмзебек Рысбекұлы Жолшыбековқа берілсін.
2. Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров, Ирак Қасымұлы Елекеев, Әмзебек Рысбекұлы Жолшыбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары ретінде тіркелсін.
3. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тіркелген депутаттарына тиісті куәлігі мен белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгісі тапсырылсын.
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы
Б. Мелдешов
Астана, 2009 жылғы 08 қыркүйек
№ 167/315