22.10.2009 |
![]() |
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 3-тармағыныңнегізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Саяси партияларды қаржыландыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы саяси партияларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздейтін республикалық бюджет туралы заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2009 жылғы 22 қазан
№ 166/314