27.09.2023 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 360 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының депутаты Д.Қ. Қыдырәліні тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Д.Қ. Қыдырәліні тағайындау туралы» 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 360 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі тіркелсін.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 26 қыркүйек
№ 90/791