25.09.2023 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің
туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовтің Қазақстан Республикасы Президентінің «Ғ.Т. Нұрмұхамбетовті тағайындау туралы» 2023 жылғы 23 қыркүйектегі № 358 Жарлығына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына енгізілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 25 қыркүйек
№ 88/789