20.09.2023 |
![]() |
2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының
орнына сайлауда қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың
республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының
мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялау – 200 000 (екі жүз мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізу және кандидаттардың үгіт материалдарын шығару – 100 000 (жүз мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 50 000 (елу мың) теңге.
2. Осы қаулы Абай, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Жоғарыда көрсетілген облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, қалалар мәслихаттарының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 20 қыркүйек
№87/787