20.09.2023 |
![]() |
2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының
орнына сайлауда Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы
мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық
бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялау – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 130 000 (жүз отыз мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 70 000 (жетпіс мың) теңге.
2. Осы қаулы Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы сайлау комиссияларына осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, облыс, қала мәслихаттарының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 20 қыркүйек
№87/786