| 19.09.2023 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
В.А. Кимді тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № № 015PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Вера Александровна Кимге берілсін.
2. Вера Александровна Ким Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Вера Александровна Кимге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 19 қыркүйек
№ 86/785
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
