| 14.09.2023 |
|
Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар
қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлауды әзірлеу мен
өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы сайлауды тағайындау және Қазақстан Республикасы аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін пилоттық режимде сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарларын әзірлеу кезінде басшылыққа алу үшін облыстық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 14 қыркүйек
№ 85/782
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
