05.09.2023 |
![]() |
С.Н. Қойшыбаевты Жамбыл облыстық сайлау
комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және С.Н. Қойшыбаевтың міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 31 тамыздағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саят Нұржанұлы Қойшыбаев Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Жамбыл облыстық мәслихаты мен Жамбыл облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 5 қыркүйек
№ 84/781