29.08.2023 |
![]() |
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған
депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) азаматтың саяси партиядан, өзге қоғамдық бірлестікпен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде енгізілуге келісімі туралы өтініші (1-қосымша);
2) азаматтың бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде енгізілуге келісімі туралы өтініші (2-қосымша);
3) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы округтік (аумақтық) сайлау комиссиясының хаттамасы (3-қосымша);
4) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша тіркеу туралы округтік (аумақтық) сайлау комиссиясының хаттамасы (4, 4-1-қосымшалар);
5) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың куәлігі (5-қосымша);
6) кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының хаттамасы (6-қосымша);
7) кандидаттың сенім білдірген адамының куәлігі (7-қосымша);
8) сайлау учаскесінде бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (8-қосымша);
9) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы округтік (аумақтық) сайлау комиссиясының хаттамасы (9-қосымша);
10) мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (10-қосымша);
11) сайлаушылар тізімі (11-қосымша);
12) дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімі (12-қосымша);
13) дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімі (13-қосымша);
14) пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (14-қосымша);
15) есептен шығару куәліктерін пайдалану туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (15-қосымша);
16) сайлау учаскесін ашу туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (16-қосымша);
17) сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін ұсынған күнгі сайлау учаскелерінің саны және тізімдерге енгізілген сайлаушылардың саны туралы аумақтық сайлау комиссиясының хабары (17-қосымша);
18) Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға сайлаушылардың келуі туралы аумақтық сайлау комиссиясының хабары (18-қосымша).
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 28 тамыз
№ 82/779