29.08.2023 |
![]() |
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған
депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 15) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған үлгі күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының, қалалардың, аудандардың сайлау комиссиялары тиісті Күнтізбелік жоспарларды әзірлесін және қабылдасын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 28 тамыз
№ 82/778