22.08.2023 |
![]() |
Түркістан облыстық сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Түркістан облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 11 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Түркістан облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Жеңіс Тілләбайұлы Мақұлбаев тағайындалсын.
2. Осы қаулы Түркістан облыстық мәслихаты мен Түркістан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 22 тамыз
№ 80/776