21.08.2023 |
![]() |
Ә.Е. Тұрғымбековті Түркістан облыстық сайлау
комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ә.Е. Тұрғымбековтің міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 17 тамыздағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков Түркістан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Түркістан облыстық мәслихаты мен Түркістан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 21 тамыз
№ 79/775