24.12.2010 |
![]() |
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11, 13, 14-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтары 2010 жылғы 23 желтоқсанда бастамашылық жасаған республикалық референдумды әзірлеу жөніндегі құжаттардың қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) референдумның бастамашыл тобын және оның республикалық референдумға ұсынып отырған мәселесiн тiркеу туралы куәлік (1-қосымша);
2) республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен тілек білдіруші, республикалық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының қолдарын жинауға арналған қол қою парағы (2-қосымша);
3) Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (3-қосымша);
4) Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жиынтық хаттамасы (4-қосымша).
2. «Қазақстан Республикасының азаматтары бастамашылық еткен республикалық референдумды дайындау жөніндегі құжаттардың үлгілерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 4 қарашадағы № 147/213 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2010 жылғы 24 желтоқсан
№ 11/15