13.01.2011 |
![]() |
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының республикалық референдумға қатысу құқығы бар, республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы (бұдан әрі – Қорытынды хаттама) бекітілсін.
2. «Сіз республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттіктер мерзімін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзартасыз ба?» мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы азаматтардың ұсынысы мен Қорытынды хаттама Қазақстан Республикасының Президентіне жіберілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 13 қантар
№ 14/18