07.06.2023 |
![]() |
Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының шығып қалған депутатының орнына
2023 жылғы 2 маусымда сайланған депутатты тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12, 45, 46 және 82-баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының және «Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 2 маусымда болған сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 6 маусымдағы № 74/770 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Әсем Қалашбайқызы Рахметова тіркелсін.
2. Әсем Қалашбайқызы Рахметоваға белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 7 маусым
№ 75/771