06.06.2023 |
![]() |
Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы
2 маусымда өткен сайлаудың қорытындыларын анықтау және
жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 12, 44 және 81-баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті деп танылсын.
2. Әсем Қалашбайқызы Рахметова Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутаты болып есептелсін.
3. Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 2 маусымда өткен сайлаудың қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға м.а. |
К. Петров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 6 маусым
№ 74/770