12.05.2023 |
![]() |
2023 жылғы 2 маусымға тағайындалған шығып қалған депутаттың
орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутатын сайлау өткізу кезінде Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын
пайдалану регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2023 жылғы 2 маусымға тағайындалған шығып қалған депутаттың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы сайлауды дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету үшін
Солтүстік Қазақстан аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 12 мамыр
№ 73/769