16.02.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 54-бабына, 59-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қанат Сабырұлы Есжанов Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес емес деп анықталсын. 2. Қанат Сабырұлы Есжановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 16 ақпан
№ 23/34