28.04.2023 |
![]() |
2023 жылғы 30 сәуірдегі «Өзбекстан Республикасының
Конституциясы туралы» Өзбекстан Республикасы Конституциялық
Заңының жобасы бойынша референдумға Қазақстан Республикасынан
жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 30 сәуірдегі «Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» Өзбекстан Республикасы Конституциялық Заңының жобасы бойынша референдумға Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 26 сәуір
№ 72/766