04.02.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының нысандары белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетені (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлаушылардың тізімі (2-қосымша);
3) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парағы (3-қосымша);
4) азаматтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып дауысқа түсуге ниеті жөніндегі өтініші (4-қосымша);
5) азаматтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініші (5-қосымша);
6) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректері (6-қосымша);
7) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (7-қосымша);
8) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (8-қосымша);
9) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (9-қосымша);
10) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты (кандидаттарды) тіркеу туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (10-қосымша);
11) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (11-қосымша);
12) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (12-қосымша);
13) Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (13-қосымша);
14) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сенім білдірген адамының куәлігі (14-қосымша);
15) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі (15-қосымша);
16) шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның халықаралық байқаушысының куәлігі (16-қосымша);
17) аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы шешімі (17-қосымша);
18) аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың өзге уақытын белгілеу туралы шешімі (18-қосымша);
19) учаскелік сайлау комиссиясының сайлау учаскесін ашу туралы хаттамасы (19-қосымша);
20) № 1 хабар (20-қосымша);
21) № 2 хабар (21-қосымша);
22) № 3 хабар (22-қосымша).
2. «Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 23 тамыздағы № 11/23 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 04 ақпан
№ 16/23