28.03.2023 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірмандаттық аумақтық
сайлау округтері бойынша сайланған сегізінші сайланымы депутаттарын
тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46 және 98-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сегізінші сайланымы депутаттары тіркелсін: |
1) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша: Амантай Жарқынбек Әбіл Еркін Аманжолұлы Әлішев Қазыбек Құрманғалиұлы Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы Балабиев Қайрат Рахымұлы Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы Бексұлтанов Құдайберген Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы Жұбанов Әділ Орынбасарұлы Исабеков Данабек Ержанұлы Искандиров Мұқаш Зұлқарнайұлы Қалықов Арман Қобыландыұлы Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы Қожасбаев Руслан Сәдуақасұлы Құспан Абзал Темірғалиұлы Қырықбаев Темір Базарбайұлы Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы Мұқаев Дәулет Төлеутайұлы Мысырәлімова Айна Ермекқызы Нажметдинұлы Болатбек Назаров Ардақ Құттықожаұлы Нурумова Гүлдара Алданышқызы Сабильянов Нұртай Салихұлы Сатыбалдин Ерболат Жалғасбайұлы Сәдібеков Ұласбек Стамбеков Ерлан Дәулетұлы Тұмашинов Лұқбек Шабданұлы Тұрлыханов Дәулет Болатұлы
|
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына куәліктер және омырауға тағатын белгілер тапсырылсын.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы |
Н. Әбдіров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 28 наурыз
№ 69/762