07.02.2011 |
![]() |
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 12-бабының 2) және 16-2) тармақшаларына, 56-бабының 2, 6 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынған сайлаушылар туралы мәліметтерге сай сайлаушылардың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын рас қолдарының қажетті саны кемінде 91010 (тоқсан бір мың он) қол болып белгіленсін.
2. Қол қою парақтары орталықтандырылып дайындалсын және олардың бүлінуі, жоғалуы мүмкін екенін ескере отырып, әрбір Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат 100 000 (жүз мың) сайлаушылар қолы есебінен саны кемінде 5000 (бес мың) данада қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 07 ақпан
№ 17/24