10.02.2011 |
![]() |
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 12-бабының 2) тармақшасына, 14-бабының 2) тармақшасына, 56 және 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары оның Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін екі күнтізбелік күннің ішінде берілетін болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдардың растығын аумақтық сайлау комиссияларының тексеру мерзімі оннан бес күнтізбелік күнге дейін қысқартылсын.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 10 ақпан
№ 19/30