13.03.2023 |
![]() |
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына
шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын
аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 14/4304-И ұсынымының негізінде 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Канаданың халықаралық байқаушылары Алан Уилфред Хэмсон мен Эрик Дионды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеу кері қайтарып алынсын.
2. Канаданың халықаралық байқаушылары Алан Уилфред Хэмсон мен Эрик Дионның куәліктері кері қайтарып алынсын.
3. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 57/747 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген, 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген шет мемлекеттердің байқаушыларының тізімінде (1-қосымша):
«Канада» бөлімінде реттік нөмірі 12 «1 Alan Wilfred Hamson» деген жол алынып тасталсын;
«Канада» бөлімінде реттік нөмірі 13 «2 Eric Dionne» деген жол алынып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 14/4391-И ұсынымының негізінде 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Түркі мемлекеттері ұйымынан байқаушылар миссиясының халықаралық байқаушылары Сефик Вурал Алтай мен Али Сивилерді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеу кері қайтарып алынсын.
5. Түркі мемлекеттері ұйымынан байқаушылар миссиясының халықаралық байқаушылары Сефик Вурал Алтай мен Али Сивилердің куәліктері кері қайтарып алынсын.
6. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 57/747 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген, 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген халықаралық ұйымдар байқаушыларының тізімінде (2-қосымша):
«Түркі мемлекеттері ұйымынан (ТМҰ) байқаушылар миссиясы» бөлімінде реттік нөмірі 91 «3 Şefik Vural Altay» деген жол алынып тасталсын;
«Түркі мемлекеттері ұйымынан (ТМҰ)» бөлімінде реттік нөмірі 94 «6 Ali Civiler» деген жол алынып тасталсын.
7. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
8. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында халықаралық ұйымдардың байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
9. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
10. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына жеткізілсін.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 13 наурыз
№ 64/756