| 13.03.2023 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлау жөніндегі № 2 округтік сайлау комиссиясының
шығып қалған мүшелерінің орнына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және А.Х.Қабыкеновтің, К.Е.Мазованың, Б.Ж. Туребековтің 2023 ж. 11 наурыздағы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 2 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Азамат Хасенұлы Қабыкенов, Күлхан Ермекбайқызы Мазова, Берік Жолмұқанұлы Туребеков тағайындалсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 2 округтік сайлау комиссиясына мен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 13 наурыз
№ 63/755
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
