| 13.03.2023 |
|
С.Н.Байбековті, М.Т. Исмаилованы, А.Ә. Шампиеваны Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі
№ 2 округтік сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босату
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және С.Н.Байбековтің, М.Т. Исмаилованың 2023 ж. 10 наурыздағы және А.Ә. Шампиеваның 2023 ж. 11 наурыздағы міндеттерінен өз еркімен босату туралы өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сейдіқасым Ниязбекұлы Байбеков, Мәдина Тоқтамысқызы Исмаилова, Айжаным Әлімқызы Шампиева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 2 округтік сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 2 округтік сайлау комиссиясына және Астана қалалық сайлау комиссиясына жіберілсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 13 наурыз
№62/754
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
