07.03.2023 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына
№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат
С.С.Сапарбаевтың шағымы туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 5) тармақшаларына, 16-1-бабына, 20-бабының 10-тармағына және 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кандидат Самат Сағатұлы Сапарбаев және (немесе) оның зайыбы декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын қосымша тексеріп, тексеру қорытындылары бойынша тиісті ақпаратты №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясына жолдасын.
2. №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы кандидат және (немесе) оның жұбайы декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын қосымша тексеру қорытындылары бойынша ұсынылған Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Самат Сағатұлы Сапарбаевтың 2023 жылғы 2 наурыздағы хаттама бойынша шешімнің күшін жою туралы мәселені қайта қарасын және тиісті шешім қабылдасын.
3. Осы қаулы Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне және №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясына жіберілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 7 наурыз
№ 58/750