24.02.2011 |
![]() |
2011 жылғы 23 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Қожағұлова Мейрамкүл Нұржанқызы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы сұрақты қарады. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат М.Н.Құжағұлованың лингвистикалық комиссияның отырыстарына келмеуіне байланысты, оның мемлекеттік тілді еркін меңгеруі бөлігінде Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігі анықталмағаны аталып өтті.
Осының негізінде, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабына, 59-бабының 7-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Қожағұлова Мейрамкүл Нұржанқызын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44