24.02.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 54-бабына, 56-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Серік Садықұлы Сапарғали Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкес деп анықталсын.
2. Серік Садықұлы Сапарғалиға Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттығын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтары берілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 24 ақпан
№ 30/50