| 20.02.2023 |
|
«Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған
үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық
тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы
25 маусымдағы № 90/174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға № 2 қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 20 ақпан
№ 48/731
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
