01.03.2011 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 9-тармағына сәйкес:
1. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес 1-қосымшаға сай құрамда құрылсын.
2. Қоса беріліп 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес туралы ереже (2-қосымша) бекітілсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 01 наурыз
№ 19-к