03.03.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 24 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдері) орталықтандырылып дайындалсын.
2. Сайлау бюллетеньдерінің саны, сайлаушылардың тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервін қоса, 9191977 (тоғыз миллион жүз тоқсан бір мың тоғыз жүз жетпіс жеті) дананы құрайтын болып белгіленсін.
3. Сайлау бюллетеньдерін дайындау үшін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.
4. Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі 1-қосымшаға сай (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
5. Сайлау бюллетенінің мәтіні 2-қосымшаға сай бекітілсін.
6. Сайлау бюллетеньдері облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына 2011 жылғы 25 наурыздан бастап акт бойынша берілетін болып белгіленсін.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына 2011 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жеткізуді және акт бойынша беруді қамтамасыз етеді.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 03 сәуір
№ 35/63