11.03.2011 |
![]() |
2011 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының 15 байқаушысын аккредиттеу туралы қаулы қабылданды.
Ортсайлаукомның баспасөз орталығында болған брифингте Миссия басшысы Евгений Слобода оның штабы Астана қаласында мына мекен-жай бойынша: Қонаев к-сі, 29, «Дипломат» қонақүйі, 905-б. ашылғаны туралы мәлімдеді. Тел/факс +7-7172-55-00-40, +7-7172-55-01-48, е-mail: elsng@mail.ru
Ағымдағы жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Миссия құрамында Әзірбайжан Республикасының, Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының, Түркіменстанның, Өзбекстанның, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының, ЕурАзЭқ Парламенттік Ассамблеясының және ТМД Атқару комитетінің өкілдері аккредиттелді және аккредиттелуде. Миссияны қалыптастыру жалғасуда.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44