18.03.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, 19-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығып қалған Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесінің орнына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен жаңа комиссия мүшесі сайланғанға дейін, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Арман Қуанғалиұлы Жиенғалиев тағайындалсын.
2. Осы қаулы Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 18 наурыз
№ 39/68