28.03.2011 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20-2-бабына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 19-3/394, 2011 жылғы 28 наурыздағы № 19-3/436 хаттарына және Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы нотасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің келесі байқаушыларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеудің күші жойылсын және олардың куәліктері кері қайтарылсын:
1) Стивен Сима;
2) Джейсон Смарт;
3) Джон Агню;
4) Никола Херон.
2. «2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына кейбір шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 26 ақпандағы
№ 31/53 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген халықаралық ұйымның байқаушыларының тізімінде:
«Халықаралық республикалық институт» деген бөлімде реттік нөмірлері «1. Стивен Сима» және «2. Джейсон Смарт» жолдары алынып тасталсын.
3. «2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына кейбір шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 15 наурыздағы
№ 38/67 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының тізімінде:
«5. Шет мемлекеттер» бөлімінде «5.5 Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі» бөлімшесінің реттік нөмірлері «33. Никола Херон» және «35. Джон Агню» жолдары алынып тасталсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 28 наурыз
№ 44/75