02.02.2023 |
![]() |
«Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігін
партиялық тізімдер бойынша сайланатын
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының
кезектен тыс сайлауына қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 2-1) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Атырау облысының мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға жіберілсін.
2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 2 ақпан
32/705