30.01.2023 |
![]() |
Ә.Б. Әлиповті Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының
мүшесі міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ә.Б. Әлиповті міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 30 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлтаир Бақтыбайұлы Әлипов Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 30 қаңтар
№ 30/703