27.01.2023 |
![]() |
К.Б. Нұржігітованы Атырау облысының аумақтық сайлау
комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және К.Б. Нұржігітованы міндеттерінен өз еркімен босату туралы 2023 жылғы 22 қаңтардағы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күлбаршын Балхашқызы Нұржігітова Атырау облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Атырау облысының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 27 қаңтар
№ 28/701